Атыраудың бұрынғы әкімі екі айға қамауға алынды

402

Ол алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді.  

Атыраудың бұрынғы әкімі екі айға қамауға алынды Фото: azh.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешіміне сәйкес екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін ол 9 қарашада "жер телімдері саласында алаяқтықпен айналысты" деген күдікпен ұсталған болатын.

"Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп жазылған сот хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу