Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Атырау мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, облыс прокурорының өтініші бойынша қамауда отырған бұрынғы әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілген.
"Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Атырау облысы прокурорының өтініші бойынша Атырау мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Қ. Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, былтырғы қарашада Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.