Атыраудың Құрманғазы ауданында балық өңдеу цехтары көбеюде

1348

Былтыр 3361 тонна балық экспортқа шығарылған.

Атыраудың Құрманғазы ауданында балық өңдеу цехтары көбеюде

Атырау облысы Құрманғазы ауданында "СевКаспий ФИШ" ЖШС 2 млрд теңге инвестиция салу арқылы балық қорын көбейту, бекіре тұқымдас және қара балықтардың 10 милионнан астам шабағын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне қайта жіберу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Бұл жұмыстар мыңнан аса адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың айтуынша, балықтан бөлек, егін, мал, құс және тоған шаруашылықтарын дамыту көзделген. Осы мақсатта Қиғаш өзенінде 243,55 километрді құрайтын жанама су айдындарының түбін тереңдету және 75 шақырымдық "Кобяково-Забурунье" суару-суландыру жүйесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

"Ауланған балықтардың басым бөлігі шетелге мұздатылған, салқындатылған, қатырылған, кептірілген күйінде өңделіп, еуростандартқа сай жөнелтіледі. Балықты өңдеу, тоған шаруашылығын дамыту мақсатында "Каспий-Балық" өндірістік кооперативі Ресейден инвестор тарту арқылы Бірлік ауылынан балық өндеу цехын салды. Жалпы құны 200 млн теңгеге бағаланған жоба тәулігіне 30 тонна балық өндейді. Қазіргі уақытта 50 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр. Балық аулау науқанында 350 тонна балық еуростандартқа сай өңделді. Биыл тағы осындай балық аулау цехы Теңіз ауылында ашылады", -  дейді Қайрат Нұртаев.

Айта кетейік, былтыр 3361 тонна балық Ресей Федерациясы, Грузия, Украина елдеріне экспортқа шығарылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу