Атыраудың Құрманғазы ауданында орынбасары сотталған әкім қызметтен кетті

1141

Ол сот үкімі шыққаннан кейін он күн ішінде орнын босатуы тиіс.  

Атыраудың Құрманғазы ауданында орынбасары сотталған әкім қызметтен кетті

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаевқа қатысты жүріп жатқан сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Құрманғазы аудандық сотының үкімімен сотталған экс-шенеунік мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 750 000 мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

Белгілі болғандай, Өркен Тәжібаевқа билікті асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысып, алаяқтық жасады деген айыптаулар тағылып отыр. Атап айтқанда, Тәжібаев  өзінің туыстарына ЖШС және жеке кәсіпкерлік тер тіркеп, оларға артықшылықтар беріп, өзі басқарып отырған, "Балықшы күніне" арналған іс-шараны өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысының 150 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемдеген, өндірістік кооперативтердің біріне 500 мың теңге зиян келтірген, ауданның аз қамтылған азаматтары үшін қорғаныс медициналық маскаларын сатып алу үшін қаржылық көмек көрсету сылтауымен кәсіпкерлердің жалпы сомасы 125 мың теңге ақшалай қаражатын иемденіп, кейіннен өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Нәтижесінде экс-шенеунікке 2 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жаңа редакциясына сәйкес бірінші басшы айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті. "Осыған байланысты, 8 қыркүйек күні Құрманғазы ауданының әкімі Қ.Нұртаев қол астындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық жанжалынан кейін отставкаға кетті", – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А. Мамытов.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу