Атыраудың Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

1367

Атырау облысының Мақат ауданына жаңа әкім келді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атыраудың Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өкімімен Мақат ауданы әкімі лауазымына Ринат Ибрагимов тағайындалды.

Ринат Хисаұлы 1986 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо, кейін самбо күресі бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған.

2016 жылы "Барыс" балалар мен жасөспірімдер клубының директоры, ал 2017 жылы Атырау қалалық су спорты түрлері клубының директоры болып жұмыс істеген.

2017-2018 жылдары қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

2018 жылдың қазан айынан бері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу