Атыраудың жуу-буландыру станциясында газ-ауа қоспасы жарылды

413

Бұл жағдай жылжымалы темір жол құрамын (цистерна) тазалау кезінде орын алған. 

Атыраудың жуу-буландыру станциясында газ-ауа қоспасы жарылды Фото: Атырау облысы ТЖД

Дүмпу 14 желтоқсан күні Атыраудың оңтүстік өндірістік аймағында болды. Төтенше жағдай салдарынан цех құрылымдарының жартылай опырылуы орын алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Дүмпу салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі) құлауы  болды. Сол уақытта, автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сондай-ақ,  "Batys Petroleum" ЖШС-мен келісімшартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі  және "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, "Апаттар медицинасы орталығынан" 3 қызметкер мен 1 бірлік техника, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС-нен 5 адам және1 бірлік техника жұмылдырылды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу