Атырауға Амстердамнан арнайы ұшақ келді

692

Атырауға Амстердамнан арнайы ұшақ келді

Новосібірден Анталияға ұшып бара жатып, аяқ астынан Атырауға қонған Боинг-747 ұшағының жолаушылары Түркияға аттанып кетті, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:55-те "Pegasus" әуе тасымалдаушысына қарасты Боинг-747 ұшағының жолаушыларын алып кету үшін Амстердамнан арнайы ұшақ келді. Ол 190 жолаушыны Түркияға алып кетті.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшақ 24 маусым күні таңертең шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болған. Туристермен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кездесіп, хал жағдайларын сұрап, сабырға шақырған.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлық 150 туриске психологиялық және медициналық көмек көрсетілді. Ұшақ жолаушыларына түскі ас беріліп, қала қонақ үйлерінің бірінен орын ұсынылды.

Түстен кейін ресейлік қонақтар Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады. Мұражай ресейліктерге ерекше әсер қалдырды.

Ресейліктерді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова шығарып салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу