10 маусым күні Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қытай мен Қазақстан - ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды. Белгілі бір себептермен біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келді. Бірақ бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына аударамын", - деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй.
Еске сала кетелік, бүгінде Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттыруда.