Атыраулық әйел желідегі суреті үшін айыппұл арқалады

280

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Атыраулық әйел желідегі суреті үшін айыппұл арқалады Фото: СС0 / Ramon López Calvo

Атыраулық әйел әлеуметтік желідегі парақшасына діни мазмұндағы суретті жүктеген. Оның бұл әрекеті діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамаға қайшы екені анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында еліміздегі діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған әйелге қатысты іс қаралды. "В контакте" әлеуметтік желісін қолданушының бұл әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен сараланған.

"Сотта анықталғандай, азаматша А. "В контакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы сурет жүктеп, ашық түрде орналастырған. А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, маман қорытындысымен, сауалнама хаттамасымен расталды. Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған қызметiн үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 129 мың 220 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу