Полицейлер көпшілікті мұндай іс-әрекетті қайталамауға шықырып, ойыннан от шығуы мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жеңіл көлікпен екі баланы сүйреген жүргізушінің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. Мұны көрген желі қолданушылары да балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін жарыса жазған.
Жүргізушінің балаларды ойнату әдісін полицейлер де құп көрмеген. Олар ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
– Аталған көлік құралының иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабының 1-бөлігі "Көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны" үшін әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.