Атыраулық азамат ерекше балаларға арналған "Қадам" платформасын әзірледі

435

Платформасы ата-аналарға баласының дамуын үйде бақылауға мүмкіндік береді.  

Атыраулық азамат ерекше балаларға арналған "Қадам" платформасын әзірледі Фото: gov.kz

Атыраулық Жарылқасын Сүгірбай ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дамуына арналған "Қадам" цифрлық платформасын жасап, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттық жобасында 1 млн теңге грант иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Платформа арқылы ата-аналар баласының даму деңгейін анықтап, соған сәйкес жеке оқу бағдарламасын таңдай алады. Сондай-ақ жүйеде күнделікті дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен сабақтар қамтылған.

Жоба авторы платформаны жеке тәжірибесіне сүйеніп әзірлеген.

– Бұл платформаны жасауға өз балам себеп болды. Балама аутизм спектрі бұзылысы диагнозы қойылған. Ерекше балалардың дамуы тек мамандардың көмегіне байланысты емес. Үй жағдайында жүйелі түрде жаттығулар жасап, баламен тұрақты жұмыс істеу де маңызды. Бұл ата-аналар үшін қаржылық жағынан да тиімді шешім. Жылдық төлем құны – 27 мың теңге. Ерекше баланы қоғамға бейімдеу – мамандармен қатар ата-ананың да міндеті, – дейді жоба авторы.

"Қадам" платформасы дефектолог, логопед және психиатр мамандардың кеңесі негізінде әзірленген. Жоба ата-аналарға балаларымен үй жағдайында жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Автордың мәліметінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мұндай отандық платформаның баламасы әзірге кездеспеген.

Атырау облысында 8 мыңға жуық ерекше бала бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу