Атыраулық блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды

109

Сот оған 5 жыл бойы интернет ресурсты пайдалануға тыйым салды.  

Атыраулық блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды Фото: rail-news.kz

Атыраудағы №2 қалалық сот Takitok деген атпен танымал жергілікті блогерге үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіде тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар және көпбалалы отбасыларға көмек беруге уәде етіп, онлайн-ойындар мен акциялар ұйымдастырған.

Алайда қатысушылардан ақша аударуды талап еткеніне қарамастан, уәде етілген сыйлықтарды ешкім алмаған.

Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, залал көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін жеткен.

Сот әйелді ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі ("Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу