Полиция 9 жастағы қыздың ішінен "жын шығарған" атыраулық емшіге қатысты тексеріс жүргізбек

395

Желіде атыраулық емшінің тоғыз жасар қыздың "ішіне кіріп кеткен жынды шығарғаны" туралы бейнежазба таралды. 

Полиция 9 жастағы қыздың ішінен "жын шығарған" атыраулық емшіге қатысты тексеріс жүргізбек Фото: бейнеден скриншот

Емші өзінің рәсімін бейнетаспаға түсіріп, желіге жүктеген. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Балалар омбудсмені Динара Закиева Facebook парақшасында бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді:

– Емшінің кәмелетке толмаған балаға жасаған рәсіміне байланысты ішкі істер министрлігімен және өңірлік өкілдермен жұмыс жүргізілуде. Емшінің жеке басы мен баланың мекенжайы алдын ала анықталды, – деп жазды ол.

Қазіргі уақытта ақпарат тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу