Бүгін Атырау облысы, Жангелді ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптыларды жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қанды оқиға шағын ауыл үшін бұрын-соңды болмаған ауыр трагедия саналды.
2025 жылдың қазанынан бері Мақсот Қарабалин, жұбайы Нәсіп Өтешқалиева және балалары хабар-ошарсыз кеткен еді.
Кейіннен олардың зейнетақы төлемдері белгісіз тұлғалар тарапынан алынғаны беліглі болды. Тіпті, туыстары үйдегі малы сатыла бастаған соң іздегені туралы да айтылады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша басты күдікті – қаза тапқан отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев.
Тергеу барысында оның анасы да жауапқа тартылған, бірақ ол нақты ақпарат бермеді.
Осы кезде отбасының қалған 2 мүшесін іздеу жұмысы жалғасуда, ресми органдар толық түсініктеме бермеді.