Атыраулық фельдшер пойызда адам өміріне араша түсті

104

Оқиға №42 Атырау – Алматы-2 пойызында болған.  

Атыраулық фельдшер пойызда адам өміріне араша түсті Фото: azh.kz

Қызылорда стансасынан кейін демікпе ауруына шалдыққан жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пойыз басшысы Әсел Рысқалова радиобайланыс арқылы жолаушылардан көмек сұрайды. Оның шақыртуына бірнеше дәрігер хабарласты. Бірақ, ең батыл әрі өз ісін білетін маман ретінде атыраулық  фельдшер Ынтымақ Ермағанбет әрекет еткен.

"Ол дұрыс әрі жылдам әрекет жасап, науқасқа барлық қажетті көмек көрсетті. Өз ісіне сенімді және батыл болды. Менің ойымша, оның болашағы жарқын – адамдардың өмірін сақтау оңай емес, білім мен сенімділік қажет", – деп алғыс айтты пойыз басшысы жергілікті жедел жәрдем қызметіне хат жолдап.

Жас фельдшер жолаушының тынысын қалпына келтіріп, жағдайын медициналық бригада келгенге дейін бақылауда ұстаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу