Атыраулық фельдшер ұшақ бортында жолаушының өміріне араша түсті

100

10 қыркүйек күні Атырау – Алматы бағытындағы KC878 рейсінде қонуға дайындалып жатқан сәтте жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған.  

Атыраулық фельдшер ұшақ бортында жолаушының өміріне араша түсті Фото: azh.kz

Қиын сәтте ұшақ бортында қажетті маман табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атыраулық жедел жәрдем фельдшері Асман Аманжолұлы бортсеріктердің өтінішіне дереу әрекет етіп, жолаушы әйелдің жағдайын тұрақтандырды. Алматылық әуежайға қонған соң жолаушыны жедел жәрдем бригадасы қарсы алды.

Асман мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырған жоқ: көктемде әріптестерімен бірге 66 жастағы ер адамды құтқарып қалған болатын. Ол жедел жәрдемдегі жұмысынан бөлек, "Заманауи" қорын басқарады әрі ЕО-ның Орталық Азиядағы Жастар консультативтік кеңесінің мүшесі. Денсаулық саласындағы оның бастамалары дәрі-дәрмекке қолжетімділік мәселелерін көтеріп, көпшіліктің назарын аудартқан.

Айта кетерлігі, бұл жолы Асман демалыста еді: ол атыраулық журналистермен бірге фактчекинг бойынша тренингке бара жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу