Атыраулық фермер "электронды бақташыны" пайдаланып отыр

1106

Жаңа технологияның артықшылығы көп.

Атыраулық фермер "электронды бақташыны" пайдаланып отыр

Атырау облысындағы "Қараша" шаруа қожалығы "электронды бақташы" құрылысын пайдаланады. Күн көзінен қуаттанатын құрылғы малды адам күшінсіз бейсауыт жайылып кетуден, ит-құстан аман сақтайды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстағы бірден бір жаңа технологияны Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі "Қараша" шаруа қожалығы қажетке жаратып отыр. Үштаған елді мекенінде орналасқан шаруашылық ақбас тұқымды сиыр малын өсірумен айналысады. Қазіргі күні төрт жүз бастан астам мүйізді ірі қарасы бар.

Фермер "электронды бақташы" қондырғысын мемлекет тарапынан берілген субсиядияға сатып алған. Белгілі болғандай, мұндай германиялық құрылғы еліміз бойынша тек екі жерде бар екен, ал облыс бойынша әзірше тек "Қараша" қожалығында.

Айта кетейік, құрылғы күн көзінен қуат алады. Оның тоқ жүргізілген сымымен 12 шақырым жер қоршалып, төрт шағын электр стансасы қойылған. Мал иесіне енді арнайы бақташы ұстаудың, малдың қолды болмауын, қасқырдан қорғаудың қажеті жоқ, оның міндеті – жаңа технологияның қапысыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыру. 

"Мал шаруашылығы – көзін таба білсең, табыс әкелетін кәсіп. Мен келешекте осы жерден сүт өнімдерін шығаратын шағын зауыт ашқым келеді, сонда оның бағасы қаладағы бағадан төмен болып, бірнеше адам жұмысқа тұрар еді", – дейді "Қараша" шаруа қожалығының жетекшісі Мәнсия Әбілқайырова.

Монша, гараж, интертет желісімен қамтамасыз етіліп, бар жағдайы жасалып қойылған шаруа қожалығының қазіргі жағдайына қарап отырып, бұл жоспардың да көп ұзамай жүзеге асарына сенгің келеді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу