"Атыраулық хакерге" халықаралық іздеу жарияланды

103

Ақпаратты өңірлік полиция қызметі растады. 

"Атыраулық хакерге" халықаралық іздеу жарияланды Фото: canva

"Атыраулық хакерге" халықаралық іздеу жарияланды. Ер адам бүтін бір отбасының із-түссіз жоғалуына қатысты оқиғада өз болжамын желіде жариялаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Осы жайтқа байланысты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми хабарлама беруін сұрадық.

"Интернетте "хакердің" жоғалған адамдардың орналасқан орнын өздігінен анықтап, SIM-карталарды талдап, ақша қозғалысын анықтағаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бірақ бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Негізінен аталған барлық мәліметтерді ішкі істер органдарының бөлімшелері заңды жедел-іздестіру және тергеу шаралары аясында анықтап, кейін ресми іздеу хабарламасы ретінде рәсімделді. Бұл әлеуметтік желілерде жарияланымдар пайда болғанға дейін анықталды",  – делінген хабарламада. 

Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

"Жалған мәлімет таратқаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Сонымен қатар, аталған адамға қатысты бұрын алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймыз. Қазір олар бойынша тергеу жүріп жатыр. Оған заң талаптарына сәйкес іздеу жарияланды", – деп хабарлады облыстық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу