Атыраулық каратэшілер Азия чемпионатынан 6 медаль алып келді

750

Атыраулық каратэшілер Азия чемпионатынан 6 медаль алып келді

Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионаты Астанада өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі 
16-17 маусым күндері Астана қаласында Киокушинкай-кан каратэден ірі додалардың бірі ашық Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 12 елден 250 спортшы қатысты.
Азия құрлығының үздіктері қатысқан сайыста Атыраулық Киокушинкай-кан каратэшілер 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Досимова Карина, Повстянко Глеб және Әбдіғали Дінмұхаммед Азия чемпионатының финалистері атанды. Абдрахманова Аружан мен Калистру Карина болса үздік үштіктен көрінді. Құраманың ең үздік спортшыларының бірі, әлем чемпионы Андрей Котов бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар: Нурумов Танат, Джулдасов Мурат, Байбусынов Рустем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу