Атырауда мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты екінші мәрте сотқа берді. Айтуынша, әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болатын. Бірақ келмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Мейрамхана иесі әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен екен. Ал, 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне беріпті.
Кеше аталған істі Алматы облысының соты онлайн-режимде қараған болатын. Әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс еді. Алайда, ұйымдастырушылар әншінің шамамен 5 млн теңге болатын шығыстарын жаба алмайтындықтан концертті өткізбейтін болып шешім қабылдап, бұл жөнінде оны 42 күн бұрын ескерткен.
"Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі, ақшамды қайтарғым келеді", - дейді кәсіпкер Ольга Хван.
Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады. Енді ол Жоғары сотта алты ай ішінде сот шешіміне шағымдана алады.