Атыраулық кәсіпкерлер науқас әйелге пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Динара Ертілеуова есімді атыраулық әйелдің жүрегі мен өкпесі айықпас дертке шалдыққан және ол тек трансплантация жасау арқылы ғана оңала алады. Әйел баласын жалғыз өзі өсіріп жатыр. Ол бұған дейін пәтер жалдап тұрып келген. 2011 жылдан бері мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегінде тұрған. Биыл шілде айындағы жағдай бойынша ол 4307-інші кезекте. Динараның ауыр жағдайы туралы білген Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі науқас әйелге қала ішінен пәтер тарту ету туралы шешім шығарған.
"Біздер, кәсіпкерлер, өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне отырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға тиіспіз. Сол себепті біз "Атамекенім" акциясына атсалысып отырмыз", - дейді кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің басшысы Әлия Бекқожаева.