Будапешт төрінде алтын медаль иеленген Азамат Өтемісов 67 келі салмақта өнер көрсетті. Әлем кубогін екінші мәрте жеңіп алған Азамат Өтемісов Венгрияда қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді.
51 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медальді жеңіп алған атыраулық спортшының бірі Нұрсұлтан Жұмабаев. Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған Роман Зубарев (51 келі) күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені Жанәлі Сәлімгерей (57 келі) мен Серікжан Сәлімгереев (67 келі) жеңіп алды.
Еске сала кетелік, Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен кикбоксингтен 26-шы Әлем кубогіне 45 елден 3000-нан астам спортшы қатысты.