Аталған білім сайысында 95 елден 7 695 оқушы бақ сынаған.
"Үш бағытты қамтыған халықаралық STEM олимпиадасы екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңінен өткен оқушылар ақтық сынға онлайн форматта қатысты. Атыраудағы "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділ Сұлтанов халықаралық STEM олимпиадасына қатысып, екінші орынды иеленді. Ол 7-сыныптан бері информатика пәнінен түрлі олимпиадаға қатысып жүр. Бұрын республикалық білім сайысынан күміс, халықаралық олимпиададан қола медальге ие болып, Еуразиялық доданың екі мәрте жеңімпазы атанған", – деп хабарлады басқарманың ьаспас.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық жас бишілер халықаралық конкурстың жүлдесін иеленгенін жазған едік.