Атыраулық оқушылар көпке үлгі көрсетті: 300 мың теңгені иесіне қайтарды

201

Балалар тауып алған ақшаны полицияға тапсырған.

Атыраулық оқушылар көпке үлгі көрсетті: 300 мың теңгені иесіне қайтарды Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысында бір топ оқушы көшеден 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер ақшаның иесін анықтап, оны қайтарды.

Оқиға Нұрсая ықшам ауданында болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлеріне оқушылар жақындап, көшеден әмиян тауып алғанын айтқан. Балалар жоғалған қаражатты заңды иесіне қайтару үшін оны полицияға тапсырған.

Полицейлер жедел түрде әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны оған табыстады.

Оқушылардың бұл әрекеті адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу