Атыраулық отбасылар "Жас отау" бағдарламасы бойынша баспаналы болады

1728

Атыраулық отбасылар "Жас отау" бағдарламасы бойынша баспаналы болады

Атыраулық жүздеген отбасы "Жас отау" бағдарламасы аясында үй алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің облысымызда "Жас отау" бағдарламасы жыл өткен сайын жанданып келеді. 2015 жылы өңірде аталмыш бағдарлама бойынша 90 пәтер берілген. Ал биылғы жылы 120 отбасы баспаналы болды. Осы уақытта 100 пәтерлі тағы бір тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Роллан Құспан.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді тек облыс орталығындағы жас отбасылар ғана емес, аудан тұрғындары да алады.

"Қазіргі таңда Атырауда 72 пәтерлік тұрғын үйдің, Жылыой ауданының орталығында 100 пәтерлі 5 қабатты үйдің, Индер ауданының орталығындағы 50 пәтерге арналған 5 қабатты үйдің, Махамбет ауданынның орталығында 30 үшпәтерлі үйдің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда", - деді басқарма жетекшісі.

Облыста "Жас отау" бағдарламасына қатысуға барлығы 2 мыңға жуық жас отбасы өтініш берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу