Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады

335

Өзбекстан Республикасының азаматы құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан.

Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер елде 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдік азаматты анықтады.

Атырауда 2-8 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, яғни, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу.

Атырау қаласы полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2019 жылдан бері құжатсыз жүрген 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Шетелдік азамат Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келгенін және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан.

Алайда құжаттарын іздеуді немесе жаңалауды ойламаған. Атыраулық полицейлер 34 жастағы шетелдікті қабылдау- тарату орнына орналастырды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу