Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

616

Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

21 тамыз түнгі сағат 02:45 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы “Жұмыскер – Балықшы” көпірінің үстінде белгісіз адам суға секірмекші деген хабарлама түсті. ЖБО-ның қызметкерлері навигатор радиоқабылдағыш арқылы дереу жақын арадағы экипаждарға бағыттама берген. Жақын маңда жүрген Батыс-24 экипажының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов оқиға орнына дереу жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте көпірден секірмекші болған Атырау қаласының 1989 жылы туған тұрғынын анықтады.

Жедел әрекет еткен полицейлер төрт минуттық профилактикалық келіссөз жүргізіп, көпірден секірмекші болған азаматты өз еркімен көпірден кері шығуға көндірді. Сараптамаға жеткізілген соң оның “жеңіл дәрежеде” мас екені анықталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу