Атыраулық полицейлер жасөспірім қызды құтқарды

483

Қыз бала мұзға ойылып, суға түсіп кеткен. 

Атыраулық полицейлер жасөспірім қызды құтқарды Фото: polisia.kz

Атырау қаласының орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұзға ойылып суға түсіп кеткендігі жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап жазады.

Хабарлама бойынша, Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен. Мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел адам екендігін дауысынан ғана айырған полицейлер құтқаруға бірден кіріскен.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған жәрдем беру үшін жіп бойымен бірге жүрді. Ал өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды.

Сонымен қатар, аяқ асты адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып, жедел-жәрдеммен ауруханаға  жеткізілді.

Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады.  

Айта кету керек, жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті.                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу