Атыраулық сарбаздар Абай шыңына шықты

1305

Олар шың басына Абайдың суреті бар тақтайша орнатты 

Атыраулық сарбаздар Абай шыңына шықты

ҚР ҚК арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Іле Алатауы жотасының сілемінде 4010 метр қашықтықта орналасқан Абай шыңына шықты. Биіктікті бағындырған әскерилер шың басына қазақ елінің Туын тігіп, Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мәрмәр тақтаны орнатты.  

Аталған шара ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған. Ол Тұйықсу қақпасы деп аталатын базалық лагерден бастау алған. 

"Тауға шығу өз кезегінде әскери қызметшілердің жауынгерлік машықтары мен дайындығын талап етті. Олардың арасында осындай биіктікке алғаш рет көтерілгендері де бар", - деп хабарлайды Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу