Атыраулық шенеунік тұрғындарды жағымсыз иіске шыдай тұруға шақырды

314

Сарапшылардың пікірінше, соңғы күндері байқалған Солтүстік және Солтүстік-Батыс желі салдарынан қаланы Квадрат булану алаңдарынан жағымсыз иіс басқан.

Атыраулық шенеунік тұрғындарды жағымсыз иіске шыдай тұруға шақырды Фото: Ак Жайык

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қала тұрғындарынан жағымсыз кәріз иісіне шыдай тұруды сұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Соңғы бірнеше күнде қалада жағымсыз иістер байқалды. Құзыретті мемлекеттік органдарға олардың көзін анықтау және жедел шаралар қабылдау тапсырылды. Сарапшылардың пікірінше, соңғы күндері байқалған Солтүстік және Солтүстік-Батыс желі салдарынан қаланы Квадрат булану алаңдарынан жағымсыз иіс басқан.

Иістің жоғарылауының себебі шілде айында іске қосылған булану өрістерін тазарту жұмыстарына байланысты. 

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша республикалық бюджет қаражатына алаңды тазалау және жаңа кәріз тазарту қондырғысын (КТҚ) салу жұмыстары жүргізілуде", - деді өңір әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook-те.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу