Атыраулық студент "Ерлігі үшін" медаліне ұсынылды

996

Айбар Серік суға кеткен сәбиді құтқарып қалған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық студент "Ерлігі үшін" медаліне ұсынылды

Оқиға 28 мамыр күні Ақтөбе облысында орын алған. Қарғалы өзені бойымен серуендеп келе жатқан Айбар суға батып бара жатқан сәбиді көреді. Ойланбастан суға секірген Айбар шамамен 2 метрдей қашықтыққа ұзап кеткен сәбиді судан алып шығады.

Баланы жағаға шығарған уақытта 55 мектептің оқушысы Манас Бимырза көмекке келеді. Осылайша, екі батыр баланың жүрегіне массаж жасап, жасанды жолмен тыныс алдырады. Сәлден соң сәбиге жедел жәрдем көмекке келеді. Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін құтқаруға дер кезінде көрсетілген алғашқы медициналық көмектің себепкер болғанын айтуда.

Қазіргі таңда сәби Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Сын сағатта көрсеткен ерлігі үшін, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 17 жасар студенті Айбар Серік "Ерлігі үшін" медаліне ұсынылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу