Атыраулықтар 28 маусымда қоғамдық көлікте тегін жүреді

657

28 маусым – Құрбан айт мейрамының бірінші күні.

Атыраулықтар 28 маусымда қоғамдық көлікте тегін жүреді Фото: Атырау газеті

Атырау қаласының тұрғындары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қала тұрғындары мен қонақтары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қоғамдық көліктер кестеге сәйкес таңертеңнен кешке дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды. Жолаушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды", - делінген хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, бұл әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу