Атыраулықтар жарты жылда 123 миллиард теңге несие алған

1107

Атыраулықтар жарты жылда 123 миллиард теңге несие алған

Жарты жылда атыраулықтар 123 млрд теңгеге несие алған, деп хабарлады "ҚазАқпарат".

Жарты жылда Атырау облысының тұрғындары 123,4 млрд теңге несие алды, бұл республика бойынша барлық қарыздың 2,6 пайызы. Бұл өткен жылғы қаңтар-маусымдағы кезеңнен 49,2 пайызға немесе 40,7 млрд теңгеге көп. Негізінен өсім жеке тұлғаларға тұтынушылық несие беру есебінен болды. Ол 90 процентке артып, 63,3 млрд теңге берілді", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банк филиалының директоры Айнұр Көшербаева.

Көшербаева түсіндіргендей, атыраулықтар 2017 жылы да өздерінің қарыз алу дағдысын өзгертпеген. Кредиттер көбінесе қымбат смартфондар, жиһаз, құрылыс материалдары, көлік, той, құдалық өткізу, бренд киімдер сатып алу, әсіресе күзен тоны, демалыс, шетелде емделу үшін ресімделген. "Кредиттік портфель немесе облыстың екінші деңгейлі банктерінің филиалдары алдында несие қарызы 323,6 млрд теңгені құрады. Оның 176,6 млрд теңгесі (54,6 пайызы) - жеке тұлғаларға берілген қарыздар, 147 млрд теңгесі (45 пайызы) заңды тұлғалар алған несие. Мерзімі өткен берешек көлемі 20,7 млрд теңгені құрайды", - деп хабарлады Көшербаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу