Атыраулықтардың газ үшін берешегі 52 миллион теңгеден асқан

912

Атыраулықтардың газ үшін берешегі 52 миллион теңгеден асқан

Бүгінде атыраулықтардың газ үшін берешегі 52 миллион теңгеден асқан. Оның ішінде мерзімі өткен қарыз 21 миллион теңгені құрайды. Ал заңды тұлғалар тарапынан көгілдір отынға берешек 18 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Мақсұт Абуов мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

Сонымен қатар, жиында мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен 2016-2020 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламаның жоспары баяндалды. Бағдарлама негізінде табиғи газды тұтыну көлемінің соңғы 10 жылда айтарлықтай өсуіне байланысты, газ құбырлық желілер мен ғимараттарды жаңарту, қалпына келтіру мен жетілдіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қазіргі таңда көгілдір отынға қажеттілік 170 млн текше метрден 357 млн текше метрге жеткен. Ал биыл "Индер-Бөдене" жоғары қысымды кентішілік газ құбырларына модернизациялау аяқталып, жаңа құбыр пайдалануға беріліпті.

Биыл апаттық-диспетчерлік қызметке 3 мыңнан астам өтінім түскен, дегенмен газ апаты салдарынан болған қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу