Атыс қаруымен жасалған қылмыстар 44 пайызға азайды

1270

Атыс қаруымен жасалған қылмыстар 44 пайызға азайды

5 жылдың ішінде атыс қаруымен жасалған қылмыстардың саны 44%-ға азайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов мәлімдеді.

"Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 44%-ға азайғанын көрсетті. 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 19,7% азайды",- деді Мақсат Байболов.

Айта кетсек, 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді сатып алу акциясы ұйымдастырылған болатын.  Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125 млн теңге бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу