Атышулы Майк Тайсон әлем жұртшылығын алаңдатып қойды

Ол бұрынғы баскетболшы Шакил О’Нилге сұхбат берді. 

Атышулы Майк Тайсон әлем жұртшылығын алаңдатып қойды Фото: Проссбел

Атағынан ат үркетін кәсіпқой боксшы подкастта ерекше мәлімдеме жасап, ел-жұртты бір дүрліктіріп қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсонға жүргізуші "неше жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді?" деген сұрақ қойған. 

– Мен онша ұзақ өмір сүргім келмейді. Жоқ, тіпті ойламаймын да, 80-ге дейін жетпесем екен деп үміттенемін, – деп жауап қатқан атақты спортшы. 

Майк Тайсон келесі жылы 60 жасқа толады. Оның туған жері АҚШ-тың Нью-Йорк штаты, Бруклин қаласы. 12 жасында бокс қолғабын киіп көрген ол небәрі 20 жасында ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы атағын еншіледі. Бір жыл өтер-өтпестен Тони Таккерді сұлатып, тарихтағы ең жас абсолютті чемпион болды. 

Тайсон – 58 жекпе-жектің 50-інде жеңіске жеткен (44 нокаут) спортшы. Оның соңғы жекпе-жегі былтыр қарашада өзінен 31 жас кіші блогер Джейк Полға қарсы өткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу