29 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын болады.
Абай облысында Семей, Риддер қалаларында және ШҚО-да Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертілді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде және Петропавл қаласында тұман түседі.
Маңғыстау облысыныңбасым бөлігінде жауын-шашын(қар, жаңбыр) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.
Ақтау қаласында 29 желтоқсанда түнде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында түнде тұман түседі.
Қостанай облысыныңбасым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.