Ауа райы: 23-25 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел тұрады

301

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай циклон ықпалында болып, елде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі.

Ауа райы: 23-25 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел тұрады Фото: Inbusiness.kz

23 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыста, 23-24 қараша күндері солтүстік-батыста, ал 24 қарашада – республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 25 қарашада елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы біртіндеп жақсарып, жауын-шашын жаумайды.

Алдағы күндері республика бойынша жел жылдамдығының 15-28 м/с дейін күшейетіні болжанып отыр. 23 қарашада елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, 23-24 қараша күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел жылдамдығы 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ болады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -15° - +2°-тан -8°- +8°-қа дейін жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында ауа температурасының түнде - 3-15 °-қа дейін төмендейтіні болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -6°- +5°-қа дейін, ал шығыста -10°-+3° аралығында төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу