Ауа райы: 8 өңірде үсік жүреді

478

Синоптиктер 2 мамыр, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауа райы: 8 өңірде үсік жүреді Фото: aikyn.kz

Атмосфералық фронтаттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады.

Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл соғады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу