Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

922

Сенбі, 22 тамызға арналған ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК сайтында ұсынылды. 

Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 м / с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 19-21 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 5 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 8-13 м / с. Түнде ауа температурасы 14-16 градус, күндіз 33-35 градус болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м / с, екпіні 20 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 25-27 градус.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 7-12 м / с күшейеді. Түнде ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 22-24 градус болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 12 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 10 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус. Облыс аумағында желдің жылдамдығы 23 м / с дейін күшейеді деп күтілуде.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м / с күшейеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 18-20 градус.

Қостанай қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 9-14 м / с. Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 18-20 градус болады. Облыс аумағында желдің жылдамдығы 20 м / с дейін күшейеді, бұршақ пен тұман болуы мүмкін.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 12 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус, күндіз 32-34 градус.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 20-22 градус.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнайды, жел 9-14 м / с күшейеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 19-21 градус.

Талдықорған қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 10 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 30-32 градус.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 8-13 м / с, түнде ауа температурасы 15-17 градус, күндіз 34-36 градус.

Орал қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 9-14 м / с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 22-24 градус болады.

Батыс Қазақстан облысында жел 20 м / с дейін күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, жел 10 м / с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу