Ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда аяз күтіледі

1005

"Қазгидромет" РМК сйтында 18 қарашаға арналған ауарайы болжамы ұсынылды. 

Ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда аяз күтіледі

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м / с құрайды. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 2-7 м / с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 8-10 градус аяз, күндіз 2-4 аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 8-13 м / с құрайды. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 аяз.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м / с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін.

Ақтөбеде ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 3-8 м / с жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 5-7 аяз.

Атырауда ашық, жауын-шашынсыз, 6-11 м / с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 1-3 аяз.

Қарағандыда күн ашық, жауын-шашынсыз, 3-8 м / с жел соғады. Ауа температурасы түнде 23-25 ​​градус аяз, күндіз 13-15 градус.

Көкшетауда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м / с құрайды. Ауа температурасы түнде 15-17 градус аяз, күндіз 7-9 аяз.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 7-12 м / с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 17-19 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз, 9-14 м / с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 3-5 аяз.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 5-10 м / с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз.

Петропавлда бұлтты, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м / с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 4-6 аяз.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 5-10 м / с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 3-5 аяз.

Таразда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 5-10 м / с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 6-8 аяз.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м / с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 2-4 аяз.

Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 7-12 м / с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 2-4 аяз.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 2-7 м / с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 9-11 аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу