Ауа райы болжамы: Солтүстікте боран болуы ықтимал

710

"Қазгидромет" РМК сайтында сенбі, 12 наурызға Қазақстанның бүкіл аумағына арналған ауа райы болжамы ұсынылды.  

Ауа райы болжамы: Солтүстікте боран болуы ықтимал

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 2-7, екпіні 10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Шымкентте күн бұлтты, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 5-7 градус жылы. Аймақта тұман болады деп күтіледі.

Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, күндіз бұрқасын, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылы.

Қарағандыда күн бұлтты, түнде және күндіз қар жауады, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 2-4 аяз. Өңірде тұман, көктайғақ.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз. Өңірде боран соғады деп күтілуде.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз қар жауады, жел 7-12, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз. Өңірде бұрқасын, тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 2 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы. Өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 20-22 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 22-24 градус аяз, күндіз 12-14 градус аяз. Аймақта бұрқасын, тұман күтіледі.

Талдықорған үшін бұлтты, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Таразда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.

Түркістанда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы. Таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр), найзағай күтіледі.

Оралда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз. Аймақта тұман күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 2-4 аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу