Ауа райы бұзылып, үш облыста жол жабылды

152

ҚазАвтоЖол ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ауа райы бұзылып, үш облыста жол жабылды Фото: canva

Павлодар облысы

Бүгін, 8 қараша сағат 16:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Шідерті-Успенка- РФ шек." 255-416 шақ., (Шідерті ауылынан- Атамекен ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы "Ақпараттық картадан" көре аласыздар.

Сонымен қатар бүгін, 8 қараша сағат 16:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы

"Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы

"Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).

Жолды 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу