Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігіне, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Жауын оңтүстік-шығыстағы таулардада (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша найзағай ойнап, жел тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.