Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

544

Еліміздің басым аумағына әлі де антициклон жотасы әсер етеді.

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады Фото: aikyn.kz

"Қазгидромет" синоптиктері сәуірдің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Еліміздің басым аумағына әлі де антициклон жотасы әсер етеді. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауып, оңтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша оңтүстік–шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында жел тұрып, екпіні 30 м/с болады, кей аймақтарды одан да күшті болуы мүмкін.

Түнде Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарында 1-6 градус аяз сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу