Ауа райы төтеншеліктерді әбігерге салуда

943

Өткен тәулікте автожолдарда қар құрсауынан 52 бірлік техника шығарылды, 260 адам құтқарылды және эвакуацияланды.    

Ауа райы төтеншеліктерді әбігерге салуда

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қар құрсауынан 52 бірлік техниканы шығарып, 260 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай,Қарағанды,Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланған. Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі және 102 облыстық маңызы бар учаске жабылған.

"Нұр-Сұлтан қаласы  мен Қостанай облысындағы беккеттерде 47 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр. Ақмола облысының жылыту пунктіне 56 адам, оның ішінде 6 бала орналастырылды. Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 712 адам және 471 бірлік техника жұмылдырылды",– дейді ТЖМ-дан.

Сондай-ақ ауа райының нашарлауы туралы 28 СМС-хабарламаны, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 61 хабарлама жіберіліпті.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін өңірлерде "Жедел байланыс желісі" істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу