Ауа райына байланысты 1 827 көлік жол бойындағы бекеттерде тұр

721

Республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі және 73 облыстық маңызы бар учаске жабылды. 

Ауа райына байланысты 1 827 көлік жол бойындағы бекеттерде тұр

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарының құтқарушылары қарға малтыққан 22 бірлік техниканы шығарып, 35 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 наурыздағы "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 7 өңірде (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай,Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында) дауылды ескерту жарияланған. 

"Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 6 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі және 73 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстары. Ақтөбе, Павлодар және Қостанай облыстарындағы беккеттерде 1 827 бірлік жүк және жеңіл автокөлік тұр. Павлодар облысының төрт жылыту пунктіне 31 адам, оның ішінде 3 бала орналастырылды",– деген мәлімет берді ТЖМ.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 738 адам және 463 бірлік техника жұмылдырылыпты. 

Ал ауа райының нашарлауы туралы 30 СМС-хабарлама таратылып, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 33 хабарлама жіберілген.

Айта кетсек, ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу