Ауа райына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды

341

30 қарашада Астанада көктайғақ болады. 

Ауа райына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды Фото: Inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауа райына байланысты ескерту Астана қаласы мен еліміздің 12 облысында жарияланған.

  • Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с дейін жетеді.
  • Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, ал күндіз – оңтүстігі мен орталығында жел 18-20 м/с дейін күшейеді.
  • Алматы облысында қатты жауын-шашын болып, тұман түседі.
  • Ақтөбе облысында тұман болады.
  • Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
  • Қостанай облысында жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасын болады деп болжануда.
  • Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
  • Жетісу облысында батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде жел екпіні кей кезде 25 м/с дейін күшейеді.
  • Павлодар облысында – тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
  • Түркістан облысында кей кездері қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын шығысқа ауыстырып, түнде облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
  • Абай облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады. Облыстың батысында, орталығыда жел екпіні 15-20, кей кезде 25 м/с дейін жетеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу