Ауа райына байланысты 3 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

138

"ҚазАвтоЖол" үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылатыны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауа райына байланысты 3 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізіледі Фото: canva

Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 9 қараша сағат 20:00-де шектеу қойылады:

Абай облысы:

"ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы" автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Семей қаласы).

Ақмола облысы:

"Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы);

Қарағанды облысы:

"Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);

"Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).

Жолдарды 2025 жылғы 10 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу