ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дерекке қарағанда, 8 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 4 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Атырау облысы:
– "Атырау – Орал" автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы – Махамбет ауылы);
Жетісу облысы:
– "Сарызек – Көктал" автожолының 45-68 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Алтын Емел асуы);
Қостанай облысы:
– "Жезқазған – Арқалық – Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы – Арқалық қаласы);
Ұлытау облысы:
– "Жезқазған – Арқалық – Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылы – Қостанай облысы шекарасы).